«Ақбастау»

«Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Нұралиев Руслан Әлібекұлы

Мекен-жайы: БҚО, Жәнібек ауданы

Жұмыс тел.: 8 711 35 22006
Ұялы телефоны: 87055124421

Мемлекеттік жастар саясатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады. «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі 2004 жылы шілде айында құрылып, 2004 жылы 1 қазанда заңды тұлға ретінде тіркелді. Аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 2006 жылдан бастап ұтып алып жүр. Биыл, яғни 2016 жылғы мемлекеттік жастар саясатын жүргізу  шеңберінде «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігіне екі миллион он мың теңге бөлінген болатын.  Ағымдағы жылдың басында «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің 2016 жылға арналған жоспар жасақталып, бекітілді. Жыл басынан бекітілген жоспарға сай Жәнібек ауданынының жастары арасында ауыл жастарының әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, оның ішінде білім, денсаулық сақтауға қол жетімділігін, жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында іс – шаралар жүзеге асырылып келеді. Әр ауылдық округі әкімі аппаратындағы жастар ісі нұсқаушылары «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.

Жастар мүмкіндіктері

  • Опросы


    • Какие препятствия имеются сегодня в трудоустройтве молодежи?

      Просмотреть результаты

      Loading ... Loading ...
  • Close